Өскеменде мүгедектігі бар жетімдер үйінің тәрбиеленушісін баспана кезегінен заңсыз шығарып тастаған

Сот үкімі, Өскемен, мүгедек, жетім, баспана кезегі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2025 19:58 Сурет: Zakon.kz
Өскеменде мүгедектігі бар жетімдер үйінің тәрбиеленушісін баспана кезегінен заңсыз алып тастаған. Оған басында жатақханада бір бөлмесінің болуы негізге алынған. Алайда сот мұны заңсыз деп тауып, талап-арыз берушіні баспана алушылар тізіміне қайта қостырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында  Өскемен қаласының әкіміне тұрғын үйге мұқтаждар тізімінен шығару және осы тізімге келтіруден бас тарту туралы тұрғын үй комиссиясының шешімдерін даулау туралы әкімшілік талап қоюын қанағаттандырды.

Талап қоюшы, бала кезінен ІІІ топ мүгедегі, бұрын балалар үйінде тәрбиеленген, тұрғын үйге мұқтаж деп танылып, 2012 жылы кезекке тұрғызылған. 2017 жылы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-да жинақталған өз қаражатын пайдалана отырып, оған бір бөлмелі пәтер сатып алынған. 2020 жылы наурызда тұрғын үй комиссиясының шешімімен талап қоюшы кезектен шығарылған, 2020 жылдың маусымында кезекке қайта енгізу туралы өтініші де қанағаттандырусыз қалдырылған.

"Сотта ол аталған шешімдерді заңсыз деп танып, тізімге қайта енгізуді сұраған. Сот анықтағандай, талап қоюшымен сатып алынған пәтер бұрынғы жатақханада орналасқан, жалпы қолданыстағы орындарда үлестік қатысуымен 9,4 шаршы метрді құрайтын бір бөлме болып шықты. Тұрғын үй заңнамасына сәйкес, бір адамға ең төменгі тұрғын алаңы 15 шаршы метрден кем болмауы тиіс, бұл жағдайда ол тәртіп сақталмаған. Сондай-ақ, талап қоюшының ауыр дертке шалдыққаны және ұзақ уақыт емделгені, оның ішінде 2025 жылғы қаңтарда ота жасалғаны ескерілді", делінген сот хабарламасында.

Сонымен қатар, жауапкер тарапынан талап қоюшыға қабылданған шешімдер туралы тиісінше хабарлағаны туралы дәлелдемелер ұсынылған жоқ. Аталған жағдайлардың жиынтығы талап қою мерзімін қалпына келтіру үшін негізді себеп болып танылды.

"Сот талап қоюшының белгіленген нормаларға сәйкес келмейтін тұрғын үйге ие болуы, оны кезектен шығаруға негіз бола алмайды деген тұжырымға келді. Тұрғын үй комиссиясы шешім қабылдағанда тек тұрғын үйдің бар-жоғын ғана емес, оның жарамдылығын, ең төменгі талаптарға сәйкестігін де ескеруге тиіс еді. Істі қарау нәтижесінде сот 2020 жылғы 18 наурыз бен 24 маусымдағы тұрғын үй комиссиясының шешімдерін заңсыз деп танып, олардың күшін жойды. Жауапкерге талап қоюшыны тұрғын үйге мұқтаждар тізіміне бастапқы кезек күні — 2012 жылғы 15 қазан бойынша кезекті сақтай отырып қалпына келтіру тапсырылды", делінді сотта.

Шешім 2025 жылы 21 сәуірде жазбаша өндіріс тәртібімен қабылданды және заңды күшіне енген жоқ. 

Әкімшілік процеске қатысушылар осы шешімге заңда белгіленген тәртіппен апелляциялық сотқа шағымдануға құқылы.

Бұған дейін Туризм министрінің Алматыда жүгіруден өткен марафон кезінде екі адамның қаза болуына қатысты түсініктемесін жариялаған болатынбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: