Туризм министрі Алматыда жүгіруден өткен марафон кезінде екі адамның қаза болуына қатысты түсініктеме берді
Сурет: unsplash
Елімізде 2025 жылдың 20 сәуірінде Алматыда жүгіруден өткен марафон кезінде екі адамның көз жұмуынан кейін бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізуге қойылатын талаптар күшейтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.
"Алматы қаласында өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушының қаза табуы – ауыр әрі ерекше назар аударуды қажет ететін жағдай.Қазіргі уақытта оқиға бойынша толыққанды тексеріс жүргізіліп жатыр. Қатысушылардың денсаулық жағдайы, жарысты ұйымдастыру тәртібі, медициналық қамтамасыз ету деңгейі мен қауіпсіздік регламенті жан-жақты сарапталады. Жергілікті атқарушы органдар өткізетін мұндай шараларға талапты күшейтеміз. Бұқаралық спорт қауіпсіз әрі кәсіби деңгейде ұйымдастырылуы тиіс",- деп жазды ол Instagram парақшасында.
Ол Туризм және спорт министрлігі бұл бағытта нақты ұсыныстар әзірлеп, тиісті құрылымдарға жолдайтындығын айтты.
"Қаза болған азаматтардың жақындарына көңіл айтамын!",- деп түйіндеді Мырзабосынов.
Бұған дейін 2025 жылғы 20 сәуірдегі Almaty Half Marathon жарысы кезінде оған қатысушы екі адам қаза тапқандығы хабарланған болатын. Олардың бірі – 84 жастағы Аққоян Рысәлиев, екіншісі – 21 жастағы Нұрбол Ахмади.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript