Конькимен жүгіруден өткен Әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшы жүлделі орыннан көрінді

Конькимен жүгіруден өткен Әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшы жүлделі орыннан көрінді , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2025 14:46 Сурет: Instagram/koshkin.exe
2025 жылғы 17 қарашада Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Кошкин Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен Әлем кубогы кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰОК мәліметіне сүйенсек, отандасымыз 500 метр қашықтықта күміс медальға ие болды. Кошкин жарысты 33.67 нәтижесімен аяқтап, жеке көрсеткішін жаңартты.

Бірінші орынды нидерландтық Йеннинг Де Бу (33.63) жеңіп алды. Оңтүстіккореялық Юн Хо Ким 33.78 көрсеткішімен үшінші болды.

Бірнеше күндік демалыстан кейін Кошкин Миландағы 2026 жылғы Олимпиада ойындарының лицензиялық ұпайларын беретін Әлем кубогының екінші кезеңіне бет алады.

Ал, 21-23 қараша аралығында спортшы Канадада өз күшін сынап көреді.

Бұған дейін Қазақстан нысана көздеуден әлем чемпионатында екінші қола медалін жеңіп алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: