Қазақстандық конькимен жүгіруші Норвегиядағы Әлем кубогы кезеңінде 6-орын алды
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Норвегияның Хамар қаласындағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшы 500 метр қашықтықта сәтті өнер көрсетті. Мәреде Кошкин 34,56 секунд нәтиже тіркеп, алтыншы орынды иеленді.
Жарыста жеңіс америкалық Джордан Штольцқа бұйырды — 34,14. Күміс жүлдені поляк Дамиан Журек иеленді — 34,14. Қола медаль жапониялық Юта Хироисеге тиді — 34,44.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript