Қазақстандық конькимен жүгіруші Польшадағы Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды

Евгений Кошкин конькимен жүгіруден Польшадағы Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2025 20:00 Сурет: olympic.kz
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Евгений Кошкин Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы 500 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетті. Оның мәреге жеткен уақыты – 34,52 секунд.

Екінші орынды канадалық Лорен Дюбрель иеленді – 34,70 секунд. Қола медаль польшалық Марек Канияға бұйырды – 34,76 секунд.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: