Надежда Морозова Германиядағы конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңінде топ-5-ке енді

Надежда Морозова Германиядағы конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңінде топ-5-ке енді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2026 12:10 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының конькимен жүгіру спортынан өкілі Надежда Морозова Германияның Инцелль қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде үздік бестікке кірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы 3000 метр қашықтықта жүлдеден бір қадам қалып, төртінші орынға тұрақтады. Морозова мәреге 4:09.19 нәтижесімен жетіп, төртінші нәтиже көрсетті.

Жарыста норвегиялық Рагне Виклунд (3:54.74) жеңіске жетті. Екінші орынды Нидерланд спортшысы Джой Бьюн (3:56.96) иеленсе, үшінші орын канадалық Валери Мальтеға (3:59.92) бұйырды.

Айта кетейік, бұған дейін Инцелльде өткен жарыста 500 метр қашықтықта қазақстандық Евгений Кошкин де төртінші орын алған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: