Тоқаев денсаулық сақтау және ойын бизнесі саласына өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды

Подписание законов, назначения, Акорда, резиденция Президента РК  , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2025 15:09 Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және шамадан тыс заңнамалық реттеуді жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, 2025 жылғы 25 сәуірде Ақорданың Telegram-арнасында айтылғандай, Заңмен "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске, "Жарнама туралы", "Ойын бизнесі туралы", "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" заңдарға түзетулер енгізілді.

Түзетулердің бірінші блогы денсаулық сақтау саласындағы жекелеген мәселелерді шешуге бағытталған.

Онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулер кезінде амбулаториялық жағдайда берілетін мамандандырылған медициналық көмек аясындағы зерттеулер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен алынып, мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің тегін көлеміне енгізілген.

Бірқатар түзетулер мүгедектігі жоқ науқастарды есту аппараттарымен қамтамасыз етуді көздейді.

Екінші блокта букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары, сондай-ақ онлайн-платформалар арқылы жарнамалауға тыйым салынған.

Сонымен қатар букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалау рұқсат етілген бұқаралық ақпарат құралдарының шеңбері тарылды, олар енді тек спорттық бағытта болуы керек.

"Ойын бизнесі туралы" Заңда бас бостандығын шектеу түріндегі жаза бойынша сотталған немесе шартты түрде сотталған адамдардың құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуына тыйым салу белгіленген.

9 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Су кодексіне қол қойды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: