ҚР Бас прокурорына жаңа функциялар қосылды

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 25 сәуірдегі Жарлыққа қол қойып, ҚР Бас прокуратурасы туралы ережеге өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, ережеге Бас прокуратураның жаңа функциясы қосылды:
- Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын келісу.
Бас прокурордың өкілеттігі мыналармен толықтырылды:
- прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу тәртібін, кезеңдері мен мерзімдерін айқындайды;
- қатардағы, кіші, орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдардың орнын басуға жататын лауазымдарды және осы лауазымдарға сәйкес келетін арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендерді айқындайды.
Сондай-ақ, Бас прокурор бекітеді:
- қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістері;
- құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесіп-психологиялық-социологиялық зерттеу жүргізу тәртібі мен әдістері.
Жарлық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript