Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа функциялар жүктеді

Подписание законов, назначения, назначение, Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2026 11:58 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 5 маусымдағы жарлыққа қол қойып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеге өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап комитеттің мынадай өкілеттігі жаңа редакцияда қолданысқа енгізіледі:

  • ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін цифрлық объектілерді құру, сүйемелдеу, дамыту және пайдалану.

Сондай-ақ 2026 жылғы 12 шілдеден бастап ҰҚК-нің келесі жаңа функциялары қолданысқа енгізіледі:

  • үкіметтік байланыс желілерінің, қорғалған республикалық байланыс желілерінің және ұлттық қауіпсіздік органдарының қорғалған байланыс желілерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • ұлттық қауіпсіздік органдарының цифрлық инфрақұрылым объектілеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту.

Келесі функция жаңа редакцияда баяндалды:

  • техникалық, криминалистикалық және полиграфологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүзеге асыру.

Сондай-ақ құпия және қызметтік пайдалану үшін арналған бірқатар функцияларға өзгерістер енгізілді.

Жарлық бірқатар тармақтарды қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: