Қостанай облысында полиция подполковнигі жол апатына ұшырап, қаза тапты
Сурет: Instagram/sadenov_online
Қостанай облысында учаскелік полиция инспекторы, полиция подполковнигі Батырсаим Зайтинов жол апатына ұшырап, қаза тапты. Қаралы хабарды ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов әлеуметттік желі арқылы жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов марқұмның туған-туыстарына көңіл айтып, Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.
"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ЖКО-да қаза тапқан Қостанай облысы Полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторы, полиция подполковнигі Батырсаим Зайтиновтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.Оның есімі әріптестерінің жадында мәңгі қалады.Ішкі істер министрлігі оның отбасына қажетті қолдауды көрсетеді", делінген министр жазбасында.
Бұған дейін 2025 жылы 7 мамырда қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан қос полиция қызметкері марапатталғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript