Қаза тапқан әскери қызметшілерді жерлеу шығындарын өтеу ережелері өзгерді

Военная спецтехника, военный танк, армия, военные учения, военный полигон , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2025 10:46 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Үкіметтің 2025 жылғы 2 мамырдағы қаулысымен міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерге мәйітті тасымалдауға дайындауға, мәйітті тасымалдауға, жерлеуге, қабір ескерткішін дайындауға және орнатуға байланысты шығыстарды өтеу мөлшеріне өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, скери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде алған мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан қайтыс болған әскери қызметшілердің мәйітін тасымалдауға дайындаумен, мәйітті тасымалдаумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты шығыстар айлық есептік көрсеткіштің сексен еселенген мөлшерінде (2025 жылы 314 560 теңге) белгіленді.

Бұл ретте құжаттың жаңа редакциясында "әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілер" санаты жоқ. Осылайша, енді жерлеу шығындары әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерге өтелмейді.

Қаулы 2025 жылғы 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 19 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: