Шымкентте жол ережелерін өрескел бұзған көлік бірден полиция назарына ілікті
Сурет: Zakon.kz
Шымкентте қалалық ПД-ның жедел басқару орталығымен бірқатар жол қозғалысы ережелерін бұзған автокөлік жүргізушісі анықталды. Ер адам жол белгілері талаптарын елемей, авариялық жағдай туғызған, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған көлік маневр жасау ережелерін бұзып, бағдаршамның тыйым салатын белгісіне де өтіп, қарсы қозғалыс жолағына шыққан.
Полиция құқық бұзушыны бірден анықтады.
"Оның бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Ол ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша қатаң жауапқа тартылды. Қазіргі таңда жүргізуші әкімшілік қамауда отыр. Заңсыз қайта жабдықталған көлік құралы айып тұрағына қойылды", делінген полиция хабарламасында.
Бұған дейін СҚО-да полицейлер жол ережелерін және қоғамдық тәртіпті бақылау үшін дрондар қолданатынын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript