"Тағы да Талғар". Алматы облысында 8 тоннадан астам прекурсор мен 100 келі мефедрон тәркіленді
Сурет: Алматы облысы ПД-ның баспасөз қызметі
Алматы облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері Бас прокуратураның бірінші қызметімен бірлесіп, өнеркәсіптік ауқымдағы есірткі зертханасын жойды. Есірткі өндірісі Талғарда орналасқан фермалардың бірінде ұйымдастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, тінту кезінде 8 тоннадан астам прекурсор мен 100 келі дайын өнім, мефедрон тәркіленді.
"Осылайша жалпы сомасы 3 млрд теңге болатын синтетиканың 200 мыңнан астам бір реттік дозасы заңсыз айналымға жіберілмеді", делінген хабарламада.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті есірткі құралдарын дайындағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза барын ескертеді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Бұған дейін Қызылорда облысының тұрғыны өз үйінде фитозертхана ұйымдастырғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript