Қызылорда облысының тұрғыны өз үйінде фитозертхана ұйымдастырған

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2025 09:46 Фото: Zakon.kz
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісі және Бас прокуратураның бірінші қызметі бірлескен жұмыстың нәтижесінде мамырдың алғашқы онкүндігінде бір синтетикалық және үш фитозертхананың қызметін тоқтатты.

Қызылорда облысындағы "Шеп" стационарлық бекетінде қызметтік ит жолаушыдан марихуана салынған ораманы тапты.

Жаңақорған кентінде оның тұрғылықты жерін тінту кезінде 4190 каннабис бұтасы бар плантация анықталды.

Тұрғын үй фитозертхана ретінде жабдықталған. Жатын бөлмесінде тағы 14 бұта табылды.

Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 55 келіден асты. Осы фактілер бойынша 91 келіден астам есірткі заттары, оның ішінде 7 келіге жуық синтетика мен есірткі өндіруге арналған бір тонна прекурсор тәркіленді.

"Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: