Алтын өндіруші кәсіпорынның территориясына заңсыз кірген ер адам қамауға алынды

Жамбыл облысында алтын өндіруші кәсіпорынның территориясына заңсыз кірген ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот 2025 жылдың ақпан айында жеке күзет ұйымы күзететін, қауіпті өндірістік объект болып табылатын алтын өндіруші кәсіпорынның аумағына ер адамның заңсыз кіргенін анықтады.
"Мойынқұм аудандық соты күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру фактісі бойынша (ӘҚБтК-нің 506-бабы) азамат C-ға қатысты әкімшілік істі қарады. Сотта ер адам кінәсін мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініп, соттан қатаң жаза тағайындамауды сұрады. Сот қаулысымен С. ӘҚБтК-нің 506-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды", делінген сот хабарламасында.
Қаулы заңды күшіне енді.
Бұған дейін Қызылорда облысында адуынды енесін келіні сотқа бергенін жазғанбыз. Отбасылық дау соттың ескертуімен тынды. Сотта келін енесінің балағат сөздерінен шаршап, күйзеліске түскенін айтқан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript