Қарағанды облысында жабық жол учаскесінде полицияға бағынбаған ер адам қамауға алынды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2023 14:51 Сурет: видеодан алынды
Қарағанды облысында жабық жол бойындағы полицейлердің жұмысына кедергі келтірген ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қарағанды облысы ПД Балқаш қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері 31 жастағы астаналық жүргізушінің қолына кісен салды, ол полицейлердің жұмысына кедергі келтіріп, айтқанына бағынбаған. Аталған оқиға ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған Алматы – Екатеринбург тас жолында орын алды". Қарағанды облысы ПД

Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал оның тұрғылықты жері бойынша соттың қарауына жіберілді.

13 қаңтарда Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ер адам қамауға алынды. 


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: