Қазақ дәстүрлері мен әдет ғұрыптарының тізбесін қалыптастыру қағидалары жаңартылды

Казахские национальные традиции, казахи, юрта, юрты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2025 12:19 Фото: Zakon.kz
Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 13 мамырдағы бұйрығымен материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ережелер жаңа редакцияда жазылып, құжаттың тақырыбы өзгертілді – "Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін қалыптастыру және жүргізу ережелері".

Ұлттық тізім бұл халықтың әдет-ғұрпын, оны көрсету және білдіру түрлерін, білімдері мен дағдыларын, сондай-ақ олармен байланысты құралдар мен заттарды қамтитын және ұрпақтан-ұрпаққа берілетін Қазақстан халқының мәдени құндылықтарының тізімі болып табылады.

Материалдық емес мәдени құндылықтарға мына элементтер:

  • МЕММ жеткізгіші ретінде тілді қоса алғанда, пайымның ауызша дәстүрлері мен нысандары;
  • қазақ тілінің сөздік қоры;
  • орындаушылық өнерлер;
  • салттар;
  • әдет-ғұрыптар;
  • мейрамдар;
  • табиғат пен әлемге жататын білім және салттар;
  • дәстүрлі кәсіптермен байланысты білім және дағдылар жатады.

Ұлттық тізбені қалыптастыру мен жүргізудің мақсаты МЕММ элементтерінің сақталуын, қорғалуын, құжатталуын, сәйкестендірілуін және жалпы халық арасында насихатталуын қоса алғанда, оның өміршеңдігін қамтамасыз ету, оларды жаңғыртудағы рөлін арттыру болып табылады.

Ұлттық тізбені қалыптастыру және жүргізу тәртібі

Ұлттық тізімді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қалыптастырады және жүргізеді.

Ұлттық тізім мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың МЕММ элементі туралы қажетті мәліметтері көрсетілген өтінім негізінде қалыптастырылады.

Ұлттық тізімді қалыптастыру кезінде уәкілетті орган өтінімді қабылдау басталғанға дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Ұлттық тізімге енгізу үшін өтінім қабылданатыны жөнінде хабарландыруды өз Интернет-ресурсында орналастырады.

Мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар Ұлттық тізімге енгізу үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді уәкілетті органға қағаз тасымалдағышта және электронды тасымалдағышта NKN-Perechen@gmail.com электронды мекенжайына жолдайды, оған міндетті түрде МЕММ элементінің фотосуреттері, бейне немесе аудиоматериалдары (таныстыру үшін) қоса беріледі.

Уәкілетті орган өтінім келіп түскен күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Ұлттық тізімге енгізу бойынша ұсынымдық сипаттағы шешімді алу үшін материалдарды уәкілетті орган жанынан құрылған мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелеріне жолдайды.

Комиссия мүшелері өтінімді алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде МЕММ элементі туралы мәліметтердің маңыздылығы мен сабақтастығы, сондай-ақ МЕММ элементтерін Қазақстан аумағында тұратын этностар, топтар немесе жекелеген тұлғалар өздерінің мәдени мұрасының бір бөлігі ретінде танып қолдануын айқындау бөлігінде қарастырып, талдайды.

МЕММ элементін Ұлттық тізімге енгізуді айқындау жөніндегі ұсыным мәдениет саласындағы уәкілетті орган жанынан құрылған құрамына тарих, мәдениет және өнер салаларындағы танымал қайраткерлер, ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ шығармашылық бірлестік өкілдері кіретін комиссия отырыстарында ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Комиссияның ұсынымы негізінде уәкілетті орган 10 (он) жұмыс күні ішінде МЕММ элементтерін Ұлттық тізімге енгізеді.

Ұлттық тізімге енгізілген әрбір МЕММ элементіне тіркеу нөмірі беріледі.

Бекітілген Ұлттық тізім уәкілетті органның ресми Интернет-ресурсында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылады.

Бұйрық 2025 жылғы 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: