Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік: ережелердегі өзгерістер

Нақтыланғандай, теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржолдарда жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету, солардың салдарынан адамның қаза болу және (немесе) жылжымалы құрамның мүкаммалдан шығарып тасталатын дәрежеге дейін зақымдалу жағдайлары апатқа жатады.
Теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржолдарда жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету, солардың салдарынан адамның денсаулығына ауыр зиян келтірілу және (немесе) жылжымалы құрамның күрделі жөндеу көлемінде зақымдалу жағдайлары аварияға жатады.
Теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржолдарда жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету, сондай-ақ жылжымалы құрамның бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кету не поезды қабылдау-жөнелту маршрутына кетіп қалу, бірақ апат немесе авария салдары жоқ жағдайлар оқиғаларға жатады.
Теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржолдарда апатқа, аварияға және оқиғаға әкеп соқпаған, тізбесі теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында айқындалған жол жүрісі қауіпсіздігінің бұзылу жағдайлары оқыс оқиғаларға жатады:
- жылжымалы құрамның станциялардағы, кірме жолдардағы теміржолдардағы шектік бағанадан асып іргелес аралыққа, станциядан аралыққа немесе аралықтан станцияға кетуі, бірақ салдардың болмауы;
- магистральдық, станциялық, кірме жолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол жолдарында адамды басып кету жағдайы;
- магистральдық, станциялық, кірме жолдарда және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол жолдарында малды басып кету салдарынан поездан ағытылуы талап етілетін жылжымалы құрамның бүлінуі;
Магистральдық, станциялық және кірме жолдарда және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша теміржолдарда жүк вагоны арбашығының құйма бөлшектерінің омырылуы (жарылу) себебінен жол берілген қауіпсіздікті бұзу жағдайында, Ұлттық инфрақұрылым операторы:
- аумағында сынық болған теміржол әкімшілігінен және/немесе сынған бөлшекті дайындаушы зауыттан арбаның құйылған бөлшектерінің сынуынан (жыртылуынан) туындаған қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу жағдайы туралы ақпарат алады;
- дайындаушы зауыттан және аумағында дайындаушы зауыт орналасқан теміржол әкімшілігінен, ал қажет болған жағдайда Достастыққа қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі Кеңесінің дирекциясынан сынған балқымамен бір балқымада тұрған құйма бөлшектер туралы ақпарат алады;
- "вагондар паркінің автоматтандырылған деректер банкі" бойынша сынған бір балқыманың бөлшектерімен жабдықталған вагондардың нөмірлерін айқындайды;
- жоғарыда көрсетілген тармақшаларды орындағаннан кейін уәкілетті органға бұзылған бір балқыманың бөлшектерімен жабдықталған вагондардың нөмірлерімен ақпарат жібереді;
- уәкілетті органның өкімі бойынша ҚР аумағында барлық меншік нысандарындағы жылжымалы құрамды, сынған арбалармен бір балқытуда дайындалған құйма бөлшектермен жасақталған арбаларды одан әрі пайдалануға жол бермеу жөнінде шаралар қолданады.
Уәкілетті органның қабылданған шешімі туралы ҚР резидент – вагондарының иелеріне, сондай-ақ 1520 мм кеңістіктің барлық теміржол әкімшіліктеріне хабарлайды.
Сондай-ақ, теміржол көлігінің жұмысына қатысты бірқатар басқа ережелерге өзгерістер енгізілді.
Бұйрық 2025 жылғы 3 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.