Бюджеттік кредиттердің бір бөлігі Ұлттық қордан берілетін трансферттер есебінен өтеледі
Фото: Zakon.kz
Қаржы министрінің м. а. 2025 жылғы 15 мамырдағы бұйрығымен ҚР Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәселен,«Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу» кіші сыныбында келесідей толықтырулар енгізілді.
- Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген бюджеттік кредиттерді өтеу;
- Мамандандырылған ұйымдарға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген бюджеттік кредиттерді өтеу.
Құжатқа басқа да өзгерістер енгізілді.
Бұйрық 2025 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript