Халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлерге өтемақы төлеу ережелері жаңартылды

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2025 12:26 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Үкіметтің 2025 жылғы 27 мамырдағы қаулысымен бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымын атқарған, ҚР атынан Халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген лауазымды тұлғаларға айырманы өтеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды – Қазақстан Республикасынан Халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымдарын атқарған лауазымды тұлғаларға ақшалай өтемақы төлеу және айырманы өтеу қағидалары".

Ақшалай өтемақыны төлеу және айырманы өтеу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне  тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебінен және соның шегінде жүргізіледі.

Ағымдағы қаржы жылында халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне өткен жылы жұмсалған шығыстар бойынша ақшалай өтемақы төлеуге және айырманы өтеуге жол берілмейді.

1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы күнтізбелік жыл қаржы жылы және есепті жыл болып табылады. 

Штаб-пәтерлері Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне ақшалай өтемақыны төлеу, шетел валюталарындағы ақшалай қамтымның айырмасын, кепілдіктер мен өтемақыларды өтеу, сондай-ақ лауазымдық айлықақыларды ұлттық және шетелдік валюталарда төлеу жүргізілмейді.

Шет тілде жасалған құжаттар шет елдегі мекемеге ұсынылған кезде олардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріне тиісті түрде куәландырылған аудармасы қоса беріледі.

Сондай-ақ, ақшалай өтемақы төлеу тәртібі және ақшалай қаражаттың айырмасын, кепілдіктер мен өтемақыларды, дипломатиялық дәрежесі үшін ақшалай төлемді, сондай-ақ өкілдік құрал-жабдықтардың құнын жыл сайынғы ақшалай төлеуді өтеу тәртібі бекітілді.

Қаулы 2025 жылғы 9 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: