Хаттар мен аудармаларды жіберу: пошта жұмысындағы өзгерістер

Жаңа редакцияда тіркелетін пошта жөнелтілімін жіберу пошта жөнелтілімінің қабылданғанын құжаттық не электрондық растау, пошта жөнелтіліміне пошталық тіркеу нөмірін (сәйкестендіру әріптік-цифрлық штрих-код) бере отырып, жөнелтушіге қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда растау құжатын беру, сондай-ақ адресатқа пошта жөнелтілімін қол қойғызып не осындай табыс етуді өзге де тәсілмен растайтын автоматтандырылған (электрондық) құрылғыларды, жабдықты, ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып табыс ету арқылы жүзеге асырылатындығы жазылған. Тіркелетін пошта жөнелтілімін табыс ету кезінде қолхат алынады. Тіркелетін пошта жөнелтілімдері кері мекенжайы міндетті түрде көрсетіліп қабылданады.
Жіберуші пошта жөнелтілімінің жарияланған құны бар салымының сомасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жариялайды, оны тиісті құжаттармен (түбіртек, шот-фактура, сатып алу-сату шарты және/немесе жөнелтілетін пошта жөнелтілімін сатып алуды растайтын құжаттар) растайды және осы Қағидаларға сәйкес тасымалдау кезінде тіркеменің сақталуын қамтамасыз ететін қаптаманы таңдайды.
Тиісті құжаттар (чектер, шот-фактуралар, сатып алу-сату шарттары және/немесе жөнелтілетін пошта жөнелтілімін сатып алуды растайтын құжаттар) болмаған жағдайда жөнелтуші Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы құны жарияланған пошта жөнелтілімін бағалау сомасын айқындайтын жазбаша өтініш береді.
Адресаттан немесе оның сенiмхат негiзiнде әрекет ететін заңды өкiлiнен немесе немесе үшінші тұлғадан, егер адресаттың рұқсатын пин-код енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу арқылы растау болған жағдайда, тіркелген хатты (пошталық карточканы) алғаны туралы хабарлама электронды түрде қалыптасады және ақпараттық жүйеге немесе пошта операторының ақпараттық жүйесінде жеткізілгені/табыс етілгені туралы тиісті статус пайда болғаннан кейін пошта операторының қызметтерін пайдаланушының электрондық абоненттік жәшігіне жіберіледі.
Пошта жөнелтілімі жөнелтушіге пошта операторы адресатқа немесе оның заңды өкіліне немесе сенімхат негізінде әрекет ететін сенім білдірілген өкілге не парольді (пин-кодты) енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу арқылы құқықты растау процесі арқылы адресаттың немесе жөнелтушінің келісімін алу жолымен үшінші тұлғаларға жеткізген және (немесе) тапсырған сәтке дейін тиесілі болады.
Пошталық ақша аударымы жөнелтушіге пошта операторы оны адресатқа жеткізген және (немесе) тапсырған сәтке дейін тиесілі болады.
Алушының қайтыс болуы, алушының мекенжайы бойынша болмауы, алушының пошта жөнелтілімін алудан бас тартуы себебінен пошта жөнелтілімін тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, мұндай жөнелтілім жөнелтушіге бұл туралы пошта операторына белгілі болған сәттен бастап қайтарылады. Қайтарылатын пошта жөнелтілімін кері жөнелтуді пошта операторы пошта жөнелтілімін жөнелту мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырады.
Үлкен көлемдегі пошта конверттеріндегі хаттар операциялық залдарда орнатылатын жәшіктерге салынады немесе пошта операторының өндірістік объектісінің операциялық терезесіне беріледі
Пошта операторлары пошта жөнелтілімін қабылдау немесе тапсыру алдында пошта операторының қызметтерін пайдаланушының дербес деректерді жинауға, жинақтауға, пайдалануға және сақтауға өтінішін (келісімін) алуға міндетті.
Мұндай келісім электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып немесе келісімді алуды растайтын өзге де тәсілмен, автоматтандырылған (электрондық) Құрылғыларды, жабдықтарды пайдалана отырып немесе Ақпараттық жүйелер арқылы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі арқылы қағаз жеткізгіште қол қойғыза отырып таңдалады.
Ішкі және халықаралық тіркелетін пошта жөнелтілімдерін және пошталық ақша аударымдарын беру кезінде жөнелтуші қалауы бойынша пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабарлама сұратады. Хабарлама үшін төлем пошта жөнелтілімдерін және пошталық ақша аударымдарын беру кезінде жүргізіледі.
Адресатқа немесе оның сенiмхат негiзiнде әрекет ететін заңды өкiлiне немесе немесе үшінші тұлғаларға пошта жөнелтілімінде көрсетілген орналасқан жері бойынша адресаттың пин-кодты енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу жолымен расталған келісімі болған кезде, мыналар табысталады:
- салмағы бес жүз граммға дейін тапсырысты пошта жөнелтілімдері ("М" қаптарынан және ұсақ пакеттерден басқа);
- пошта жөнелтілімдері мен пошталық ақша аударымдарын алғаны туралы тапсырысты хабарламалар;
- жеделдетілген және курьерлік почта байланысының жөнелтілімдері.
Сондай-ақ, тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін, пошта жөнелтілімдерін алғаны туралы хабарламаларды, тіркелетін пошта жөнелтілімдері және пошталық ақша аударымы туралы хабарламаларды елді мекендерден тыс жеткізуді жүзеге асырады.
Елді мекендердің аумағына жатпайтын саяжай учаскелеріне жолданатын пошта жөнелтілімдерін пошта операторы пошта байланысының жақын маңдағы өндірістік объектісіне дейін жібереді.
Мұндай почта жөнелтімдері адресаттарға немесе оның сенiмхат негiзiнде әрекет ететін заңды өкiлiне немесе пин-кодты енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу жолымен расталған адресаттың келісімі болған кезде үшінші тұлғаларға пошта операторының өндірістік объектілерінде беріледі.
Тіркелетін пошта жөнелтілімдері, пошталық ақша аударымдары адресатқа, оның заңды өкіліне және сенім білдірген адамына, адресаттың немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын мына құжаттардың бірін көрсеткенде ғана беріледі:
- Қазақстан Республикасы азаматының паспортын;
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін;
- шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
- азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
- шетелдік паспорт;
- туу туралы куәлік.
Жеке басын куәландыратын құжатты пошта операторының қызметтерін пайдаланушы қағаз жеткізгіште не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық түрде ұсынады.
Пошталық ақша аударымын және үстеме төлемді пошта жөнелтімін қоспағанда, почта жөнелтімін беру адресаттың келісімі болған кезде үшінші тұлғаға жүргізілуі мүмкін. Мұндай келісім парольді (пин-кодты) енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу жолымен расталады.
Пошта операторының қызметтерін пайдаланушы пошта жөнелтілімін алу кезінде ұсынған құжаттың деректерін көрсетеді.
Пошталық ақша аударымдары Бланк толтырыла отырып беріледі.
Тіркелетін пошта жөнелтілімін алған кезде пошта операторының қызметтерін пайдаланушы жөнелтілімді алғаны туралы қолхат береді.
Мынадай жағдайларды қоспағанда, тіркелетін пошта жөнелтілімі пошта жөнелтілімінде көрсетілмеген адамға берілмейді не табыс етілмейді:
- алушылардан пошта жөнелтілімдерін алуға арналған сенімхатты қағаз жеткізгіште не электрондық цифрлық қолтаңбасы бар электрондық нысанда:
- адресаттың пин-кодты енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу жолымен расталған келісімі.
Жөнелтуші дербес деректерді жинауға, жинақтауға, пайдалануға және сақтауға келісім беруден бас тартқан жағдайда, пошта операторы көрсетілетін қызметтерді пайдаланушыға пошта жөнелтілімін табыс етпейді.
Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.