Qarmet-тің бұрынғы қызметкерлері 1 млрд теңге ұрлады деген күдікке ілінді

Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция қызметкерлері "Qarmet" компаниясының және басқа да ұйымдардың бұрынғы қызметкерлерін ұстады. Олар алаяқтық жолмен шамамен 1 млрд теңгеге жуық ақша ұрлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық схема бойынша аталған топ алдын ала келісіп, компанияның өндірістік қалдықтарын Теміртау қаласы жанындағы қараусыз территорияға тиісті нормадан тыс, яғни өңдеусіз төккен.
"Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 14 адам ұсталды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Бұған дейін Қазақстаннан Еуропаға заңсыз металл шығару әрекеті әшкереленгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript