Қарағандыда тоғызыншы қабаттың балконынан арқанмен салбырап тұрған ер адам құтқарылды

Оқыс оқиға, Қарағанды, тоғызыншы қабат, балкон, ер адам, құтқару, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2025 14:29 Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қарағандыда ер адамның біртүрлі әрекетінен көршілері қорқып кетіп, арнайы қызметке хабарласқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 5 маусымда Тәттімбет көшесінде болған. Тоғызыншы қабаттағы балкондағы арқан жіпке салбырап тұрған ер адам кез келген уақытта төменге құлап кетуі мүмкін еді.

Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар оқиға орнына жылдам жетіп, шұғыл әрекетке көшкен. Қарағанды қаласы Оңтүстік-шығыс полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Адлет Амирбеков ер адамды әңгімеге тартып, оны райынан қайтаруға тырысқан. 

"Құтқарушылар есікті ашуға әрекеттеніп жатқанда, мен балкон сыртында тұрған ер адаммен сөйлесуге тырыстым. Уақыт санаулы еді. Әріптестерім төменгі қабатта сақтық шараларын бақылап тұрды. Ақыры бір сәтте оны ішке қарай тартып үлгердік", — дейді ол.

Құтқару операциясы бірнеше минутқа ғана созылғанымен, әр секунд қымбат еді. Полицейлердің кәсіби шеберлігі мен батылдығы үлкен қайғылы жағдайдың алдын алды. Қазіргі таңда құтқарылған азамат медициналық бақылауда. Дәрігерлер мен психологтар оның мұндай әрекетке не үшін барғанын анықтап, тиісті көмек көрсетуде. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: