"Хан Тәңірі" ТК тұрғыны өз пәтерінің ауданын заңсыз ұлғайтқан: Алматы соты қандай шешім қабылдады

Заңсыз нысан, сүру, Алматы, Хан Тәңірі, тұрғын үй кешені, сот шешімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2025 17:43 Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Алматыда Кенесары хан көшесі, 54/33 үй мекенжайы бойында орналасқан "Хан Тәңірі" тұрғын үй кешенінің үшінші қабатының террасасында өз бетінше тұрғызылған нысан бұзылды. Мұндай мәліметпен 11 маусымда оңтүстік астананың қала құрылысын бақылау басқармасы бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсынылған мәліметке сәйкес, алдын ала жүргізілген жоспардан тыс тексеру меншік иесінің (жеке тұлғаның) ешқандай рұқсат құжаттарсыз өз пәтерінде бір қабатты ғимарат қосып, сөйтіп тұрғын үйінің аумағын едәуір ұлғайтқанын анықтады.

"Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды және жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді. Нұсқаманың талаптары орындалмағандықтан, басқарма 2024 жылғы 26 тамызда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына нұсқаманы мәжбүрлеп орындау туралы талап-арызбен жүгінді". Алматы қаласы құрылысын бақылау басқармасы

Одан кейін сот процестері басталып, сот 2025 жылдың 5 қаңтарында басқарманың талаптарын қанағаттандырды.

"Нысанды сүру бүгін Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды". Алматы қаласы құрылысын бақылау басқармасы

2025 жылғы 10 маусымда Алматыда сот шешімімен Orda City тұрғын үй кешені сүріліп жатқаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: