Алматы облысында қоғамдық бірлестік жетекшісі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

Ұсталды, Алматы облысы, қоғамдық бірлестік жетекшісі, алаяқтық, шетел, сотталғандар, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2025 18:08 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы облысында қоғамдық бірлестіктердің бірінің жетекшісі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікті шетелде сотталған Қазақстан азаматтарын босатуға көмек көрсету мақсатында халықтан жиналған қаражатты иемденген.


"Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді", делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін Павлодар ауданындағы нақты экономика секторы бөлімінің бұрынғы басшысы Ұлттық қордың ақшасын алаяқтық жолмен иемденгені үшін сотталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: