Мемлекет басшысы Полиция күніне арналған концертті тамашалады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 23 маусымда Полиция күніне арналған концертті тамашалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Заң және тәртіп" апталығы аясында өткен мерекелік іс-шараға құқық қорғау құрылымдарының басшылары, Ішкі істер министрлігінің жеке құрамы, ардагерлер, сондай-ақ азаматтарды құтқару үшін өмірін құрбан еткен полиция қызметкерлерінің жақындары қатысты.

Сурет: Ақорда
Концертте отандық өнер шеберлерінің шығармалары ұсынылды.

Сурет: Ақорда
Кәсіби міндетін орындау кезінде қаза болған құқық қорғау органдарының қызметкерлерін еске алған реквием көпшіліктің көңілін қозғады.

Сурет: Ақорда
"Жас сақшы" полиция сыныбы оқушыларының орындауындағы ән де ерекше жылы әсер қалдырды.
Сурет: Ақорда
Бұған дейін Мемлекет басшысы қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан, сондай-ақ ерекше көзге түскен полицейлерді марапаттаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript