Биыл мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздар есебінен қандай жобалар қаржыландырылатын болады
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Үкімет 2025 жылғы 20 маусымдағы қаулысымен 2025 жылға арналған мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын жобалар тізіміне толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тізімге екі жаңа жоба қосылды:
- Қарағанды қаласындағы аэрация станциясының кәріздік тазарту құрылыстарын қайта жаңарту – іске асыру құны 56 263 704 200 теңге, мерзімі 2039 жылға дейін. Қарыз алушы – "Қарағанды Су" ЖШС. Қарыз беруші – Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі.
- "РФ шекарасы (Самараға дейін) – Шымкент" бағытындағы республикалық маңызы бар М-32 автожолын қайта жаңарту, нақтырақ айтқанда Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын учаскесі, 763-791 км және 819-1025 км аралығы – жобаның құны 522 668 800 000 теңге, іске асыру мерзімі 2048 жылға дейін. Қарыз алушы – "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы" АҚ. Қарыз берушілер – Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі, Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі.
Бұдан бөлек, тізімде тағы бес жоба бар:
- "Климаттық төзімді су ресурстарын дамыту жобасы, 1-фаза", бірінші транш (5 су шаруашылығы нысанын салу және қайта жаңарту) – 88 825 175 000 теңге, Қарыз алушы – "Қазсушар" РМК. Қарыз беруші – Ислам Даму Банкі.
- "Климаттық төзімді су ресурстарын дамыту жобасы, 1-фаза", бірінші транш (ирригациялық желілерді қалпына келтіру, жаңғырту және салу) – 138 568 866 000 теңге, Қарыз алушы – "Қазсушар" РМК. Қарыз беруші – Ислам Даму Банкі.
- "РФ шекарасы (Самара бағыты) – Шымкент" автожолын қайта жаңарту жобасы – Қызылорда – Сексеуіл учаскесі. Сонымен қатар, Қызылорда қаласының айналма жолының (1-б техникалық санат) құрылысы – 46 175 489 000 теңге, Қарыз алушы – "ҚазАвтоЖол" АҚ. Қарыз беруші – Ислам Даму Банкі.
- Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автожолдарды қалпына келтіру және жақсарту инвестициялық жобасы, автоматтандырылған өлшеу жүйелерін дамыту және жолдарды күтіп ұстауға арналған жол-пайдалану техникасымен жабдықтау – 797 621 034 694 теңге, Қарыз алушы – "ҚазАвтоЖол" АҚ. Қарыз беруші – "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ.
- Қостанай облысындағы Рудный қаласының айналма жолын салу – 47 684 400 000 теңге, Қарыз алушы – "ҚазАвтоЖол" АҚ. Қарыз беруші – "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ.
Қаулы 2025 жылғы 20 маусымнан бастап күшіне енді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript