Астанада LRT-ның екінші кезегін салуға қанша қаражат қажет

Астанинский легкорельсовый транспорт, ЛРТ, LRT, строительство ЛРТ, строительство LRT, железнодорожный общественный транспорт, станция ЛРТ, станции ЛРТ, станция LRT, станции LRT, проект ЛРТ, проект LRT, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2026 16:17 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 9 қарашадағы қаулысымен 2026 жылы мемлекеттік кепілдіктермен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын жобалар тізбесіне толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, тізбеге екі жоба қосылды.

1. Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT-ның екінші кезегі

Құрылысқа 1 379 803 400 000 теңге жұмсау жоспарланған. Осы мақсатта 2026 жылы халықаралық қаржы институттарынан 281 754 000 000 теңге қарыз алу көзделіп отыр. Құрылыс 2026–2028 жылдарға жоспарланған.

2. Мойынты – Қызылжар теміржол желісінің құрылысы

Жобаның құны – 1 374 191 500 000 теңге. Халықаралық қайта құру және даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 636 591 700 000 теңгеге дейін қарыз алу жоспарланған. Құрылыс 2026–2048 жылдарға есептелген.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: