Жетісу облысында монополистке айыппұл салынып, тарифті төмендетуге қол жеткізілді

Коммунальдық қызметтер, Жетісу облысы, Талдықорған, айыппұл, тариф, монополист, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2025 18:43 Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысында монополист компания коммуналдық қызметтер бойынша тұтынушыларға 7,8 млн теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысының прокурорлары негізсіз көтерілген жылу тарифтерін төмендетуге қол жеткізді. 

"Талдықорғанжылусервис" МКК заңды тұлғалар үшін жылу тарифін қалыптастыру кезінде шығындарға енгізілген барлық қаражатты жұмсамаған. Талдықорған қаласы прокуратурасының қадағалау актісімен 7,8 млн теңгеден астам сомаға уақытша өтемдік тариф енгізілді", делінген хабарламада.

Нәтижесінде тариф 77 теңгеге дейін төмендетілді, 1971 тұтынушының құқығы қорғалды.

Монополист әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2025 жылғы 26 маусымда сенатор Бекболат Орынбеков депутаттық сауалында Бірыңғай электр энергиясын беру орталығын құру және қолданыстағы баға моделін өзгерту туралы ұсынысты алға тартты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: