Өскеменде адасып кеткен зейнеткер әйел дронның көмегімен табылды
Сурет: pixabay
Өскемен қаласында 71 жастағы жергілікті тұрғын үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Бірнеше сағат өткен соң, оның немересі полицияға жүгініп, әжесінің жоғалғаны туралы хабарлаған. Бұған дейін туыстары әйелді өз беттерінше іздеп көрген, алайда нәтиже болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, егде жастағы әйел 12 шілдеде жоғалған.
"Хабарлама келіп түскен бойда полицейлер жедел-іздестіру шараларына кірісті. Іздеуге полиция қызметкерлерімен қатар, дрон пайдаланылды. Дрон операторы жерді әуеден шолып, патрульдік топтарға нақты координаттарды жеткізіп отырды. 13 шілдеде түнгі сағат бір кезінде зейнеткер қалың шөп арасына кіріп кеткен жерінен табылды. Ол ұзақ уақыт бойы адасып жүріп, үйге қайтар жолды таба алмағанын айтқан", делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрмағаны да нақтыланады.
Бұған дейін Алматы тауларында жоғалып кеткен 18 жасар жігіттің денесі табылғанын хабарлағанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript