Полицейлер жол қозғалысына қатысушыларды жедел жәрдем көліктеріне жол беруді үйретуде

Жедел жәрдем көлігі, Абай облысы, полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2025 14:56 Сурет: Zakon.kz
Абай облысында полиция мен жедел жәрдем қызметі бірлескен рейдтік шаралар жүргізуде. Ондағы басты мақсаты — жедел жәрдем көліктерінің кедергісіз қозғалысын, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция департаментінің хабарлауынша, шұғыл шақыртулар кезінде жедел жәрдем көлігінің жолын бөгейтін немесе ереже бұзатын жүргізушілерге қатысты қатаң шаралар қабылданады.

"Жалпы рейд барысында тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығы дер кезінде көрсетілетін медициналық көмекке тікелей байланысты екенін ескертеді", делінген хабарламада.

Бұған дейін Өскеменде учаскелік полицейлер түтінге толы пәтерде қалып кеткен егде әйелді құтқарғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: