Өскеменде учаскелік полицейлер түтінге толы пәтерде қалып кеткен егде әйелді құтқарды

Полицейлер, Өскемен, Өскемен, түтін, пәтер, егде әйел, құтқару, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2025 22:58 Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Полиция қызметкерлері Ерлік Мұқашев пен Еламан Тохтарханов түтінге толы пәтерде қалып кеткен қарт әйелді сыртқа аман алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көршілер көмек сұраған дауысты естіп, бірден полицияға хабар берген. Көпқабатты тұрғын үйге келген Мұқашев пен Тохтарханов пәтерге балконнан кірмек болған, бірақ көрші тұрғындар үйде болмаған. Уақыт санаулы болғандықтан, учаскелік полицей кіреберістегі есікті бұзып ашқан.

"Полицейлер ішке кіріп, қарт әйелді қауіпсіз жерге алып шықты. Жедел жәрдем жеткенге дейін тәртіп сақшылары зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті мен батылдығының арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды". ШҚО ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін ШҚО-да орманға жидек теруге кетіп, жоғалған қария екі күннен кейін аман-есен табылғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: