Педофилдерге химиялық кастрация жасау ережесіне өзгеріс енгізілгелі жатыр

Педофил, Қазақстан, жаңа ереже, химиялық кастрация, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2025 12:11 Сурет: pexels
Заңға түзетулер енгізуді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынып, арнайы жоба әзірленді. Өзгерістер жыныстық сипаттағы қылмыстардың қайталануын болдырмауға бағытталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланып, 18 тамызға дейін қоғамдық талқыға ұсынылды. 

"Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-262/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының жобасында:

"Мекеме әкімшілігі химиялық кастрацияны босатудан алты ай бұрын қолдану және материалдарды жазасын өтеу мерзімі аяқталғанға дейін 12 айдан кешіктірмей олардың психикалық ауытқулары мен жыныстық зорлық-зомбылыққа бейімділігінің болуы (болмауы) туралы мәселені шешу үшін сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін сотқа жіберу туралы түзету енгізеді", делінген.

Айта кетсек, Қазақстанда химиялық кастрация кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілік құқығына қарсы жасалған қылмыстық істерге барған 18 жастан жоғарыдағыларға қолданылады.  

Бұған дейін Қазақстанда педофилдерді өмір бойына тіркеуге қоятын заң жобасы қабылданғалы жатқаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: