Алматыда полицейлер балалар үйінен қашып кеткен қос қызды тапты

Полиция, Алматы, балалар үйі, жоғалған қыздар, табылды, Алматы облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2025 22:05 Сурет: unsplash
Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлері қаладағы балалар мекемелерінің бірінің екі кәмелетке толмаған тәрбиеленушісін тапты. Олар 17 күн бұрын өз еркімен тұрғылықты жерінен кетіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қыздар Алматы облысының аумағында табылды.

"Қазіргі уақытта екеуі де барлық жағдайларды анықтау үшін Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету полиция жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады". Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматыда №1 балалар үйінен екі тәрбиеленуші қашып кеткені хабарланған болатын. Кристина Белгородская мен Маргарита Черепанова 18 шілдеде таңертең жоғалған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: