Қазақстанда сотталғандарды босату үшін қолданылатын аурулар тізімі кеңейтіледі

Тюрьма, тюрьмы, места лишения свободы, зона, решетка, лишение свободы, заключенный, заключенные, заключение, колония, место заключения, места заключения, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2025 12:21 Фото: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрлігі ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылған сотталғандарды медициналық куәландыру қағидаларына және мұндай аурулар тізіміне өзгерістер енгізу жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұйрық жобасында ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландырудан өткізу қағидаларын және жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесі реттеледі.

Ауыр науқас сотталғандардың денсаулығын сақтау және өлім-жітімді азайту мақсатында жазадан босатуға негіз болатын аурулар тізбесі өзектендірілді.

Тізімге қосылды:

  • бауыр циррозы кезінде жағдайлардың кеңейтілген түрлері енгізілді,
  • созымалы бүйрек ауры сатылары нақтыланды,
  • ауыр дәрежедегі гормонға тәуелді созылмалы обструктивті өкпе ауруы.

Бұдан бөлек, арнайы медициналық комиссияның рөлі күшейтілді: оның міндеттері, функциялары, жұмыс қағидаттары мен құрамы бекітілді.

Сондай-ақ, сотталғандардың денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда, оны қайтадан медициналық куәландыру мүмкіндігі қарастырылған.

Жоба 2025 жылғы 5 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: