Өтірік олигарх бес ай бойы елордада жұртты алдап, аста-төк өмір сүрген

Ақша, өтірік олигарх, Астана, алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2025 17:59 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан азаматы бес ай бойы достарымен бес жұлдызды қонақ үй бөлмелерінде тұрып, қымбат мейрамханаларда кешкі ас ішіп, дәмді тағамдарға тапсырыс беріп, элиталық ерлер киім дүкендерінен киім-кешек сатып алып, банк атынан расталмаған төлем қағаздарын берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленушілер өз кезегінде төлем құжаттарының түпнұсқасын тексермей, оған тауарлар сатып, қызметтер көрсеткен. Бұл туралы 2025 жылы 20 тамызда Астана қалалық прокуратурасы хабарлады.

"Сотталушы төлем құжаттарын банктік қосымша арқылы жіберген, бірақ іс жүзінде шотта қаражат болмаған. Мысалы, алаяқ қонақ үйде бөлмелерді брондап, бірнеше күн бойы достарымен бірге тамақ пен сусынға тапсырыс беріп, тұрақтаған. Қонақ үй қызметкерлерін алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы ол жоғарыда аталған жалған төлемдерді берген. Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушіге 4,4 млн теңге көлемінде ірі мөлшерде материалдық шығын келтірілген", делінген құзырлы ведомство түсініктемесінде.

Ақшаның түспегенін білген жәбірленушілер құқық қорғау органдарына хабарласқан.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, алаяқтыққа әлеуметтік желілерде танымал болу үшін барғанын, ол жерде өзін табысты кәсіпкер ретінде көрсетіп, суретін жариялағанын көрсетті.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы 8 млн теңгеден астамды құрады.

Сотталушы 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Келтірілген материалдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қала прокуратурасы ұсынылған төлемді растайтын құжаттардың дұрыстығын уақтылы тексеруді ескертеді.

 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: