Алматыда үлкен даңғыл бойымен электросамокатпен жарысқандар жазаланды

Самокат, Алматы, әл-Фараби даңғылы, жарысу, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2025 20:15 Сурет: Zakon.kz
Желіде жасөспірімдердің электросамокатпен әл-Фараби даңғылы бойымен жоғары жылдамдықта жүріп, өз өмірі мен айналадағы адамдарға қауіп төндірген сәті бейнеленген видео тарады. Аталған дерек бойынша жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаға қатысы бар екі адам анықталып, ұсталды, олардың бірі – кәмелетке толмаған жасөспірім.

"Тексеру барысында ересек азаматтың жүргізуші куәлігі жоқ екендігі белгілі болды. Ол жол жүру ережелерін өрескел бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ал кәмелетке толмаған баланың ата-анасына қатысты екі құқықбұзушылық: ата-аналық міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны және баланың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүргені бойынша жауапкершілік жүктелді. Мұндай жолдағы тәртіпсіздікке жол берілмейді. Электросамокатпен қатты жылдамдықта жүру – тек өз өміріне ғана емес, өзге жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне де қатер төндіреді. Біз мұндай деректерге қатаң әрекет етеміз. Ата-аналардан балаларына мұқият болуды, оларға көшеде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіруді сұраймыз", – деді, Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Бұған дейін алматылық 55 жастағы әйелді самокат мінген қыз қағып, оқиға орнынан қашып кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: