Талғар ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жас жігіт балконнан секіріп кетті
Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Алматы облысында тұрғын үй кешенінде жас жігіт балконнан секіріп, мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, 20 жастағы Алматы тұрғынының өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиға 8 қыркүйекте "Бесағаш" елдімекеніндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.
"Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу әрекеттерінің толық кешені қолға алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам бұрын да өмірмен қош айтысуға тырысқан деген нұсқа да қарастырылуда". Алматы облысы ПД
Полиция тергеу қорытындысы бойынша заң талаптарына сәйкес процессуалды шешім қабылданатынын нақтылады.
Бұған дейін Талдықорғанда екі тұрғын суицид жасамақ болған бойжеткенді құтқарып қалғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript