Ақмола облысында полицейлер ретсіз қойылған самокаттарды айып тұрағына әкетуде
Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында полицейлер ретсіз қойылған самокаттарды тәркілеп, айып тұрағына жіберуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері 750-ден астам самокат жүргізушісі жауапқа тартылған. Оның ішінде 350-і – кикшерингтік компаниялардың көліктерін жалға алғандар.
"Қалада 650 ресми автотұрақ бар болғанына қарамастан, пайдаланушылар самокаттарды жаяу жүргіншілер жолында және кіреберістерде қалдыруды жалғастырып келеді. Тұрғындар самокаттардың бірге жүріп, қызыл шамға тоқтамай, көше тәртібін бұзатынына шағымдануда. Бұған жауап ретінде полиция рейдтер өткізіп, тәртіпке қайшы қойылған самокаттарды айып тұрағына жеткізіп жатыр. Ережелерді сақтамаған кикшерингтік компаниялар да әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. Полиция азаматтарды ережелерді қатаң сақтауға және самокаттарды тек арнайы белгіленген орындарға қоюға шақырады", делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстанда электросамокатты көшенің кез келген бұрышына тастауға тыйым салынғалы жатқаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript