Қазақстанда мемлекеттік органдар үшін ғимараттар салуға және бюджеттен тыс қорлар құруға Мораторий енгізілді
Фото: Zakon.kz
Құжатқа сәйкес, 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін мынадай бағыттар бойынша мораторий енгізіледі:
- Республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау кезінде келесі бағыттарға қаражат бөлуді тоқтата тұру:
- әлеуметтік саладағы жаңа бастамалар;
- жаңа бюджеттік емес қорларды құру;
- мемлекеттік органдар үшін жаңа әкімшілік ғимараттар мен кешендердің құрылысын және сатып алуды (тек 2022 жылдан бастап құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктердегі нысандардан басқа);
- "Мәдениет туралы" заңда белгіленген мәдениет ұйымдарының жаңа объектілері мен құрылыстарының құрылысын;
- Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік сатып алулар нәтижесінде даму және күрделі шығындар бойынша үнемделген қаражатты өз бетінше пайдалануына тыйым салынады.
Алайда, бұл шаралар орталық уәкілетті органдармен (бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік жоспарлау, өңірлік және бюджеттік саясат салаларында) алдын ала келісілген іс-шараларды іске асыру жағдайларына қолданылмайды. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 2-бабы 3-тармағының талаптары ескеріледі.
Сондай-ақ, мораторий енгізу нәтижесінде босатылған қаражат экономикалық өсімді қамтамасыз ететін басым жобаларға қайта бөлінетіні атап өтілген.
Қаулы 2025 жылғы 24 қыркүйектен бастап күшіне енді.