АШМ сирек кездесетін балық түрлерін еріксіз ұстау ережелерін бекітті
Фото: Zakon.kz
Қағидалар сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген балық және басқа да су жануарларының түрлерін, оның ішінде жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы Конвенцияның қолданысына жататын түрлерін тұтқында және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру тәртібін белгілейді.
Балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, оның Конвенцияның қолданылу аясына кіретін түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау және көбейту мынадай мақсатпен жүзеге асырылады:
- сақтау және олардың санын арттыру;
- ғылыми зерттеулер;
- интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру;
- оларды кәсiпкерлiк қызметте пайдалану.
Балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде Конвенцияның қолданылу аясына кіретін түрлерін қолдан өсіру Заңның 19-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде Конвенцияның қолданылу аясына кіретін түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстауға және көбейтуге жеке және заңды тұлғаларға олар мынадай талаптарды сақтаған кезде рұқсат етіледі:
- балықтардың және басқа да су жануарларының биологиялық, түрлік және жеке ерекшеліктеріне сәйкес оларды ұстау шарттарының болуы.
Балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, көбейту үшін қажетті алаңдардың ең аз нормалары осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген;
- ветеринариялық және санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралардың қажетті көлемде орындалуы;
- ветеринариялық бейінді мамандардың және балықтардың және басқа да су жануарларын еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда ұстау дағдылары бар адамдардың (бұдан әрі – күтіп-бағатын маман) болуы;
- табиғи ортадан алынған кезде: Қазақстан Республикасы Үкіметінің балықтар мен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін алу туралы шешімінің және Заңның 9-1-бабының 27) тармақшасына сәйкес балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекітетін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес берілген балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсаттың болуы;
- импорттау кезінде: Заңның 9-1-бабының 23) тармақшасына сәйкес балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекітетін Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес берілген Конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтардың және басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға рұқсаттың болуы;
- сатып алған кезде: сатып алу-сату шартының және сыйға тарту шартының болуы;
- Конвенцияның қолданылу аясына кіретін түрлер бойынша: Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан көбейту жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның болуы.
Сондай-ақ, балықтар мен басқа да су жануарларына күтім жасау жарақаттануды, күйзелісті және жайсыздықты болдыртпайтындай жағдайларда жүргізіледі.
Балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, көбейту үшін қажетті алаңдардың ең аз нормалары
- Каспий тілтісі
- Сібір бекіресі
- Пілмай (арал және іле популяциясы)
- Сырдариялық тасбекіре
- Волга көп аталықты майшабағы
- Каспий албырты
- Арал албырты
- Таймен
- Сылан
- Ақбалық
- Шортан тектес ақмарқа
- Арал қаязы
- Түркістан қаязы
- Іле қара балығы
- Шу сүйірқанаты
- Балқаш алабұғасы
- Шатқалдық тас тасалағыш
Бұйрық 2025 жылғы 7 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.