Қостанай облысының тұрғындары екі кісінің өліміне байланысты үйлерінен шығуға қорқып отыр
Сурет: Zakon.kz
"Наша газета" басылымы өңірдегі чаттарда үйден немесе жұмыстан себепсізден себепсіз шықпауды сұраған ақпарат тарап жатқанын жазады. Себебі Аманқарағай ауылында кісі өлтірудің екі дерегі тіркеліп, қазір қылмыскерлерді қолға түсіру үшін іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны да айтылады.
Аманқарағайда екі мәйіт табылды. Жолдар жабылып, қазір барлық жерді тінтуде. Егер жұмыста болсаңыз, онда сол арада болуға тырысыңыз, егер сіз үйде болсаңыз, есіктерді жауып, бейтаныс адамдарға оны ашпаңыз. Жақындарыңызға да ескертіңіз, олар да хабардар болсын", делінген чаттағы хабарламада.
Сонымен қатар, мессенджерлерде Әулиекөл ауданындағы қос адам өліміне қатысты ықтимал күдіктінің белгілері де айтылады.
"Онда келтірілген дерекке сәйкес, Аманқарағай ауылында екі адамның өлтірілгені туралы жергілікті тұрғын хабарлаған. Оған көшеде бір қыз келіп, үйінде анасы мен ағасының еденде жатқанын айтқан. Ер адам қылмыс жасады деп күдік келтіріледі. Оның қаза тапқандарға кім болып келетіні айтылмайды", - деп жазады басылым.
Қостанай облысының полиция департаменті екі кісі өлтіру фактісі тіркелгенін растап, қылмыстық іс қозғалғанын да хабарлады.
"Қазіргі уақытта күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары, сондай-ақ болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықтауы қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - дейді департаменттен.
Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Павлодар облысында қатты мас адам баласын аяғынан ұстап, еденге екі рет ұрғаны туралы ақпарат пайда болды. Ауыр жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілді, бірақ оны құтқару мүмкін болмады. Полиция қылмыстық іс қозғады.