Алматыда жол үстіндегі көлік жүргізушілерінің төбелесі полиция назарына ілінді

Полиция, Алматы, видео, көлік жүргізушілері, төбелес, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2025 18:59 Сурет: Zakon.kz
Желіде тас жол үстіндегі жүргізушілердің төбелесі таспаланған видео тарады. Видеодан бір ер адамның сөмкесінен пышақ алып шыққанын, оны жан-жағына сермегенін көруге болады. Куәгерлер оларды ажыратуға тырысты. Zakon.kz түсініктеме алу үшін Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне жүгінді.

Жанжалға қатысушылардың жеке басы анықталып, оларды ұстау шаралары қабылданып жатқаны белгілі болды. Аталған факті бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

"Олардың әрқайсысының іс-әрекеттері жан-жақты тексеріліп, тергеу нәтижелері бойынша ҚР заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар, полиция кез-келген жанжалды жағдайларды тек құқықтық алаңда шешу керек екенін еске салады. Агрессия мен зорлық-зомбылық даулы мәселелерді шешудің тәсілі емес және ол қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады". Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Қостанай облысында киберқылмыспен күрес қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде пайдаланылған SIM-карталарды заңсыз қосу және жалға беру схемасы әшкереленгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: