Қостанайда дәрігерді ұрып құлатқан ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Ұрып-соғу, Қостанай, дәрігер, ер адам, сот үкімі  , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2025 17:59 Сурет: pixabay
Қостанай қаласының №2 сотында облыстық аурухана дәрігеріне қол жұмсаған 34 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, 17 шілдеде С. бүйрегі ауырып, облыстық аурухананың қабылдау бөліміне келген. Дәрігерді күтіп отырған кезде ол бірнеше рет қызметкерлерге шағымданған. Уролог-дәрігер К. қабылдауына кірген соң, дәрігерді ұзақ күткеніне байланысты олардың арасында жанжал туындаған. Жанжал барысында С. дәрігердің бетіне жұдырық жұмсаған. Салдарынан К. қабырғаға басымен соғылып, құлап қалған.

"Нәтижесінде К. өміріне қауіпті ауыр дене жарақатын алған: жабық бас-ми жарақаты, мидың ауыр дәрежедегі шайқалуы, бас сүйегінің негізінің сынуы, субдуралды қан кету, желке тұсының соғылуы және ерін жарақаты.С. өз кінәсін мойындағанымен, жасаған ісіне өкінбеді. Жәбірленуші 2 миллион теңге көлемінде моральдық зиянды өтеуді және қатаң жаза тағайындауды сұрады", делінген сот хабарламасында.

Жазаны тағайындау кезінде сот айыпталушының кәмелетке толмаған балаларының бар екенін жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді.

Сот айыпталушының жеке басын (бұрын бірнеше рет сотталған), медициналық қызметкерге қызмет бабында қарсы бағытталған әрекеттің сипаты мен қауіптілігін ескере отырып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Азаматтық талап толық көлемде қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, аталған оқиға биыл жазда, шілде айында орын алған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: