Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда қыз зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Қыз зорлау ісі, Алматы, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2024 21:27 Сурет: pixabay
Медеу ауданындағы № 2 аудандық сотында қыз зорлау ісі бойынша күдікті 34 жастағы алматылық ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Іс жыныстық қылмысқа байланысты болғандықтан, сот отырысы жабық өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта 2023 жылы 8-нен 9-шы наурызға қараған түні алматылық азамат қаланың түнгі клубтарының бірінде көңіл көтеріп, сол арада өз құрбыларымен бірге танысы О-ны көргенін, бұдан кейін, К. оны үйіне шығарып саламын деген сылтаумен өз пәтеріне әкелгені, ары қарай жәбірленушінің дәрменсіз күйін (алкогольдік мас болу) пайдаланып, зорлық-зомбылық көрсетіп, еркінен тыс жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені анықталды.

Сотталушы К. кінәсін мойындамады және соттан өзін ақтауды немесе бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Прокурор сотталушыны кінәлі деп тануды және 5 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

"Сотталушының кінәсі іс бойынша жиналған сараптамалардың қорытындылары, жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтары арқылы дәлелденді. Сот үкімімен К. ҚР ҚК-нің 120-бабы, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді", делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: