Атыраудағы әлеуметтік орталық тәрбиешісінің дөрекі әрекеті видеоға түсіп қалған

Әлеуметтік орталық, Атырау, тәрбиеші, дөрекі, бала, ұру, видео , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2025 19:42 Сурет: pixabay
Әлеуметтік желіде тәрбиешінің баланы жұлқылап, басынан да ұрған сәтінің видеосы тарады. Бейнеролик авторы бұл оқиға Құрманғазы ауданындағы зейнеткерлер мен мүгедектерге аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болғанын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының полициясы "Мой город" жергілікті басылымына аталған оқиғаның 2024 жылы әлеуметтік орталықта болғанын, бала екінші топтағы мүгедек болып табылатынын нақтылады.

"Ал күш көрсету жайлы тек 2025 жылдың 25 қыркүйегінде ғана мәлім болды. Тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды", делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, полиция куәгерлерден сұрақ-жауап алып жатыр.

Бұған дейін Қостанайдағы ерекше балаларға арналған орталықта тәрбиеші баланың денесін үтікпен күйдіргені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: