Желіде дәмханадағы қытайлықтарға шүйліккен ер адамдардың дөрекі әрекеті сынға алынуда

Дәмхана, Абай облысы, Аягөз, қытайлықтар, видео, желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2025 21:48 Сурет: pexels
Әлеуметтік желіде Аягөз қаласында түсірілген видеодағы оқиға қызу талқылануда. Видеода дәмханадағы үш шетелдіктің ішкенін ірің, жегенін желім еткен азаматтар анықталып, жазасын алып та үлгеріпті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде дәмханада ас ішіп отырған шетелдік азаматтарға соқтығысқан ер адамдардың видеосы тарады. Видеода өз-өзімен тамақ ішіп отырған үш шетел азаматына ер адамдар тақап келіп, телефонын шығарып, оларды видеоға түсіре бастайды. "Сендер кімсіңдер? Құжаттарың қайда?" деп сұрайды олардан. Байыппен, өте мәдениетті түрде жауап берген шетелдіктер өздерінің Қытайдан келгенін айтады. Осы кезде дәмхана қызметкері бұл жайтқа аралып, видео үзіліп қалады. Аталған оқиға желідегілердің ашуын туғызып, көптеп таратыла бастады. Бұл ыңғайсыз оқиға Абай облысы, Аягөз қаласында болғаны анықталды.

Абай облысы полиция департаменті әлеуметтік желіде шетелдік азаматтарға қатысты орын алған орынсыз әрекеттер бейнеленген видеоролик бойынша жедел іс-шаралар жүргізілгенін хабарлады.

"Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар екі азаматты анықтады.Олардың бірі бұрын бірнеше рет әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған: бұзақылық және есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтағаны, сондай-ақ 2022 жылғы сот үкімімен денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін. Ол төрт жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасына сотталып, қазіргі уақытта пробациялық бақылауда тұр. Құқықбұзушылар полиция бөліміне жеткізілді. Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот қаулысына сәйкес екеуі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды: бұрын сотталған азамат 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған, ал екінші қатысушыға 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды".Абай облысының полиция департаменті

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзатын және Қазақстан Республикасының халықаралық беделіне нұқсан келтіретін кез келген әрекеттер қатаң әрі дер кезінде тоқтатылатынын атап өтеді.  

Бұған дейін Абай облысында полиция қызметкерін қорлаған азамат жауапқа тартылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: