Мобильді қосымша орнатып, 5 млн теңгеден қағылған ақмолалық ірі алаяқтықтың құрбаны болды

Теңге, депозит, мобильді қосымша, Ақмола облысы, алаяқтық , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2025 19:22 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Күмәнді қосымшаны ұялы телефонына орнатқан 55 жастағы ақмолалық 5 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зардап шегушінің айтуынша, оған өзін Ұлттық Банк қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам қоңырау шалған. Ол ер адамды ұялы телефонына қосымша орнатып, ақшасын бір банктің депозитінен екіншісіне аударуға көндірген. Мұны қауіпсіздік техникасы үшін қажет екенін айтқан.

"Келесі күні ақмолалық депозитін тексерсе, 2,5 млн теңгеден екі транзакция арқылы 5 000 000 теңге үшінші тұлғалардың шоттарына аударылғанын көреді. Оның үстіне жәбірленуші қандай да бір кодтарды, жеке деректерді немесе банктік шоттарды ешкімге айтпағанын, сондай-ақ ақша қаражатын жекелей аудармағанын нақтылайды", деп хабарлайды полиция.

Қазіргі уақытта полиция жедел және тергеу іс-шараларын жүргізуде.

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) Қазақстанда тағы бір жаңа алаяқтық схемасы белең алғанын ескертіп, мәлімдеме жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: