Оралда есірткі таратуға қатысы бар интернет-дүкеннің курьері ұсталды

Есірткі, Орал, интернет-дүкен, курьер, ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2025 18:54 Сурет: polisia.kz
Оралда есірткі таратуға қатысы бар интернет-дүкеннің курьері ұсталды. 26 жастағы қала тұрғынының тұрғылықты жерінен өзіндік иісі бар ақ түсті ұнтақ зат салынған бір түйіншек, 9 әйнек құрылғы, электронды таразылар, зип-пакеттер табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұдан бөлек, ішінен оқшаулағыш лентамен оралған және ақ түсті ұнтақ зат салынған 35 орама шыққан үлкен түйіншек тәркіленді.

Сондай-ақ күдікті полиция қызметкерлеріне есірткі жасырған орындарды көрсеткен, ол жерлерден тағы 10 түйіншек табылып, тәркіленді. Алдын ала деректер бойынша, күдікті үш ай бойы есірткі таратуға қатысы бар интернет-дүкенде курьер болып жұмыс істеген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Бұған дейін Петропавлда есірткі сатты деген күдікпен елордалық екі жас ұсталғаны хабарланған. Ұсталған қыз небәрі 17 жаста болса, жігіт 18 жаста ғана.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: