"Сарбаздар қаптап кетті". Шымкент әуе-жайында не болып жатыр

Сарбаздар, Шымкент, әуежай, лаңкестікке қарсы күрес, жаттығу, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2025 14:19 Сурет: gov.kz
Шымкент тұрғындары мен қонақтарын әуежайды арнайы қызмет қызметкерлерінің қоршап алуы шошытып жіберді. Бірақ, бұл арада алаңдауға еш негіз жоқ, өйткені Шымкент халықаралық әуежайында бүгін, 2025 жылғы 6 желтоқсанда терроризмге қарсы жаттығулар өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Жолаушыларды елең-алаң еткен кадрлармен Kazinform бөлісті.

2025 жылғы 5-6 желтоқсанда Шымкент қаласында антитеррористік оқу-жаттығу өткізу жоспарланып отырғаны хабарланған.

"Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі жағдайдың дамуының әртүрлі сценарийлеріне жедел әрекет ету мәселелері пысықталады.Осы мақсаттарда шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысы қарастырылған.Қала тұрғындары мен қонақтарынан осы шараны түсінушілікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз", делінген хабарламада.

Айта кетсек, ҚР Қорғаныс министрлігі ел азаматтарына желтоқсан айының басында еліміздің әр өңірінде әскери техникалар бой көрсететінін ескерткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: